Қазіргі лауазымы: ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
-
Туған жылы: 1972 жылы дүниеге келген.
-
Білімі: 1993 жылы Кеңес Одағының Маршалы Н.И. Крылов атындағы Зымыран әскерлерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін бітірді,
-
1994 жылы Ф.Е. Дзержинский атындағы әскери академиясын бітірді,
-
2005 жылы Астана қаласындағы «Тұран» университетін бітірді.
1994 жылы еңбек жолын инженер ретінде бастаған, кейіннен жеке және квазимемлекеттік секторларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарында басшылық қызметтерді атқарды:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі,
ҚР БҒМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары,
«Қазғарыш» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы («Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті – 2006-2008 жылдар),
ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры.
Экономика ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан Республикасы ғарыш саласының қалыптасуының ұйымдық-экономикалық аспектілері» тақырыбында диссертация (2010 жыл).
2018 жылдың қараша айынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті болып тағайындалды,
2019 жылы 5 ақпанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына қайта сайланды.
2019 желтоқсанынан ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды


-
1Қанат Айтбаев Димашты "қырғыз" дегендерге жауап берді12379225 жастағы депутат Мәди Ахметов Маминге алты талап қойды118233Әкемнің 90 жылдығы – айтулы мереке. Мақатаевтың қызы орыс тілінде құттықтау жолдады106724Инклюзивті білім. Педагогтердің жалақысы 40 пайызға өседі73935Өзбекстан Қазақстанның талабына келіспеді.6933