Балиева Зағипа Яхянқызы
1979
Қазіргі лауазымы: Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің проректоры
-
Туған жылы: 1958 жылы 3 қазанда
-
Туған жері: Алматы облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауылында туған.
-
Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, заңгер-құқықтанушы,
-
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, экономист-халықаралық маман.
1975-1976 ж.ж. СКТУ-де лаборант болып жұмыс істеген.
1981-1982 жж. – Жамбыл облыстық құрылыс банкінде заңгер кеңесші
1982-1986 жж. – Жамбыл қалалық атқару комитетінде заңгер.
1986-1992 ж.ж. - Алматы қалалық атқару комитетінің тұрғын үйді есепке алу және бөлу басқармасының инспекторы, бөлім меңгерушісі.
1992-1994 ж.ж. - Алматы қаласы әкімшілігінің басшысы аппаратының Заң бөлімінің меңгерушісі.
1994-1995 ж.ж. – XIII сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Экономикалық реформа жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.
1995-1996 ж.ж. –Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, төрайымы.
2005-2009 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
2009-2011 ж.ж. – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
2016 жылдың 25 наурызынан бастап – VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасының Бала құқығы жөніндегі уәкілі;
2018 жылдың 12 маусымында Қазақстан Республикасының Бала құқығы жөніндегі уәкілі лауазымынан босатылды.
2021 жылдың 10 наурызында Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің проректоры болып тағайындалды.
«Құрмет», «Парасат», «Күміс алқа», ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
-
1"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады26862Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?15923Алматы метросында зағип жігіттің рельске құлаған сәтінің видеосы тарады14334Тұман, боран: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды13565Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды1326
-
1Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады205032Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді200203Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты137904Алматыдағы үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды12037510 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін - Мэлс Елеусізов11484