Анықтама

Баеділов Қанат Ескендірұлы

2214

Қазіргі лауазымы: Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы


Туған жылы: 1967 жылы 19 қараша

Туған жері: Алматы облысы Кеген селосында туылған.

Отбасылық жағдайы: Үйленген, 3 ұл тәрбиелеп отыр.

Білімі жоғары, 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 2003 жылы экономист мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.


Еңбек жолын 1991 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне жанындағы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-тексерушісі болып бастады.


1991 жылдан 1994 жылға дейін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне жанындағы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-тексерушісі, Салық және сақтандыру органдарының қаржы-несиелік мекемелерін тексеру басқармасының бөлім бастығы;


1994 жылдан 1996 жылға дейін Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылау комитетінің Қаржы-несиелік органдарды тексеру және валюталық бақылау бөлімінің бастығы;


1996 жылдан 1998 жылға дейін Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетінің Басқарма бастығының орынбасары;


1998 жылдан бастап 1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Білім, ғылым, мәдениет ұйымдарын және басқару органдарын тексеру бөлімінің бастығы;


1999 жылдан 2002 жылға дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы;


2002 жылдан бастап 2003 жылға дейін Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы;


2003 жылдан бастап 2008 жылға дейін Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы;


2008 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары;


2009 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті нің Астана қаласы бойынша салық департаментінің басшысы;


2014 жылдан бастап 2017 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.


2017-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.

2021 жылғы 14 мамырдан бастап Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы етіп тағайындалды.

Бөлісу: