Бас жаңалықтар
Анықтама
Бақытжан Берікбайұлы Темірболат 85
N0SLefHsLRPtQoyhssIjE3Uvwn5b5xRqFb4DnETg.jpeg
Қазіргі лауазымы: ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы

  • Туған жылы: 1972 жылғы 10 желтоқсанда дүниеге келген.

  • Білімі: 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Саясаттану мамандығы бойынша тәмамдаған.


Сол жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер ретінде еңбек жолын бастады.


2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жұмысқа шақырылып, Ішкі саясат бөлімінде, Ақпараттық-талдау орталығында, Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығында консультант, бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор лауазымдарында қызмет етті.


2007-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.


2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.


2019 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.


2010 жылы Мемлекеттік басқару жүйесіндегі мүдделердің саяси өкілдігі: эволюция және қазіргі уақыт (Қазақстан Республикасының үлгісінде) тақырыбында саяси ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады (23.00.02 ) Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар).


Қазақстан Республикасының Парламенті: қалыптасуы, реформалардағы рөлі, перспективалары» 3 томдық (2004 ж.), Азиялық прорыв (2005 ж.), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1990-2017 жылдар көптомдық сериялы басылымдардың тең авторы, сондай-ақ көптеген ғылыми мақалалардың авторы.


Құрмет, Парасат ордендерімен, мерейтой медальдармен, Үздік мемлекеттік қызметші төсбелгісімен наградталған.




Загрузка...