Анықтама

Бөриева Әлия Жарылқасынқызы

1007

Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 1964 жылы 30 маусым

Туған жері: Оңтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі: 1987 жылы Шымкент педагогикалық университетін «ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.


Еңбек жолын 1985 жылы орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.


1993 жылдан 1996 жылға дейін жеке компанияларда қызмет еткен.


Журналистика саласына 1997 жылы келіп, «Отырар» телеарнасында журналист, «КТК» телеарнасында меншікті тілші, «Қазақстан» ұлттық телеарнасында Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, облыстық телерадиокомпанияда редактор, «Астана» телеарнасының ақпараттық бағдарламалар қызметінде жаңалықтардың жауапты шығарушысы ретінде жұмыс істеген.


2006-2009 жылдары – «Отан» РСП Орталық аппаратында баспасөз хатшысы, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында баспасөз қызметінің жетекшісі,


2009 жылдан 2011 жылға дейін «НҰР-Медиа» холдингінің сараптама және мониторинг департаментінде менеджер,


2011-2012 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша кеңесшісі,


2012-2013 жылдары – «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары,


2013 жылдан бері «НҰР-Медиа» холдингінде ақпараттық жоспарлау және мониторинг департаментінің директоры, артынша «НҰР-Медиа» холдингі бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған.


2016 жылдың шілде айында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының баспасөз қызметі жетекшісі қызметіне тағайындалған.


2019 жылдың 16 сәуірінде – «NUR Media» холдингінің бас директоры қызметіне тағайындалды.


ҚР «Құрмет» грамотасымен (2008),

«10 жыл Астана» мерейтойлық төсбелгісімен (2008),

«Нұр Отан» партиясының «Құрмет» грамотасымен (2015),

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен (2016),

«Ерең еңбегі үшін» төсбелгісімен (2017), «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» (2018) төсбелгісімен марапатталған.

Бөлісу: