Анықтама

Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы

2766


Қазіргі лауазымы: Қарағанды қаласының әкімі


Туған жылы: 1975 жылы 2 қыркүйек

Туған жері: Қарағанды облысы Шет ауданының Өспен ауылында дүниеге келген.

Білімі: «Қаржы және несие» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған,

2003 жылы – А.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін аяқтаған. 


Мемлекеттік қызметте 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталық мемлекеттік органдарда еңбек ету тәжірибесі бар. ҚР Индустрия және сауда министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен. ҚР Парламент Сенаты депутатының көмекшісі болған. 


2003-2009 жылдар аралығында Павлодар облысында жетекшілік қызметтерді атқарған: облыс әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары, Павлодар қаласы әкімі аппаратының жетекшісі,Павлодар ауданының әкімі, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы. 


2009-шы жылдан 2013-ші жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ Астанадағы басқармаларына жетекшілік еткен. 


2013 жылдың маусымынан бастап 2018 жылдың ақпанына дейін Астананың үш аудандарының әкімі болған: Сарыарқа, Алматы және Есіл. 


2018 жылдың ақпанынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалды.


«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Бөлісу: