Айымбетов Айдын Ақанұлы
23115
Қазіргі лауазымы: «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы
Туған жылы: 1972 жылы дүниеге келген.
Білімі: 1993 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін бітірді,
2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Талдықорған университетін бітірді,
2018 жылы Д. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірді.
1993 жылғы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарында қызмет етті, ол ұшақтың 4 түрін игерді (Л-39, Миг-23, МиГ-23МЛД, Миг-27, Су-27), 470-тен астам сағат ұшуы бар.
2003 жылдан 2009 жылға дейін - Ю.А. Гагарин атындағы "Звездный городок" атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығында жалпы ғарыштық дайындық.
2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық қызметтерді атқарды:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі,
- ҚР ҰҒА ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры,
- У.М. Сұлтанғазин атындағы «Ғарыштық зерттеулер институты» ғарыштық технологияларды ақпараттық-біліммен қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары,
- «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» АҚ «Ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС директорының орынбасары.
2012 жылдың көктемінен бастап Астана қ. Оқушылар сарайында «3D үлгілеу» үйірмесіне басшылық етті, Жас ғарышкерлер мектебінде сабақ берді.
2015 жылы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш стансасына ғарышқа ұшты.
Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері (12.10.2012), "Халық Қаһарманы" атағына (14.10.2015) және "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болды (14.10.2015), "Отан" орденінің кавалері (14.10.2015).
2016 жылғы қаңтардан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш жүйелерін құру және пайдалану жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.
2019 жылғы 26 ақпанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарманың өндіріс жөніндегі мүшесі лауазымына қайта сайланды.
2021 жылдың 13 қыркүйегінен бастап "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасы.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр3562Италияның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты3093Семейде 25 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталды2834Испания полициясы фермаларда құлдыққа түскен 300-ден астам шетелдікті босатты2785Eurovision – 2026: Израиль қатысатын болғандықтан, бірнеше ел байқауға бойкот жариялады232
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?999621 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді93853Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?7938415-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?63545Қазақстанда мерзімінен бұрын қалай зейнетке шығуға болады?5844