Айтмұхаметов Данияр Айтмұхаметұлы
4619
Қазіргі лауазымы: Қарағанды облысы Прокурорының орынбасары
Туған жылы: 1979 жылы.
Туған жері: Алматы қаласы
Білімі: 2000 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер біліктілігі беріле отырып аяқтаған,
2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін менеджмент біліктілігімен аяқтаған.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында бастаған, 2000 жылдан 2006 жылға дейін жұмыс атқарған.
2006 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орталық аппаратында мына лауазымдарда қызмет атқарған:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісім-шарттар және талап-арыз жұмыстары департаменті директорының орынбасары, Заңға тәуелді актілер департаментінің, Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің, Бақылау және ішкі аудит департаменті, Ішкі әкімшілік департаментінің директоры.
2010 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің бастығы болып қызмет атқарған.
2012 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қаласы Әділет департаменті басшысы болып қызмет атқарған.
2016 жылғы 20 қаңтардан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы.
2019 жылы 19 наурызда Жауапты хатшы қызметінен босатылды.
2019 жылдың сәуірінен бастап Қарағанды облысы Прокурорының орынбасары.
Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық медалімен наградталған.
-
1Ыстықкөлде қар құрсауында қалған қазақстандықтар құтқарылды1672Бакуде өткен халықаралық фестивальде отандастарымыз сәтті өнер көрсетті1513Келер жылы COP-29 Әзербайжанда өтуі мүмкін1114«Шетелдік күйеу жігіт» ақтөбелік әйелді 2 млн теңгеге сан соқтырды785Көктайғақ, жел, 41 градус аяз: 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды58
-
1Оқу-ағарту министрі сүйінші жаңалық айтты1370002Қызылшаның өршуі. Мектеп пен ЖОО-лар карантинге жабылуы мүмкін бе?271613Қызылша дерті: Студенттер сабақты онлайнға ауыстыру туралы петиция жариялады237444Синоптиктер 42 градусқа дейін аяз болатын өңірлерді атады203065"9 ай жасырдым". Төреғалидің қарындасы сүйінші жаңалығымен бөлісті17012