Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
-
Туған жылы: 1957 жылдың 18 мамырында
-
Туған жері: Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка аулында туған.
-
Отбасы бар, үш бала тәрбиелеуде, сегіз немересі
бар.
-
Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы «заңгер». Полиция генерал-полковнигі.
1979 жылдан бастап – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
1988 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.
1989 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.
1992 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.
1997 жылдан бастап – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.
2003 жылдан бастап - Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.
2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.
2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
2011 жылдың сәуір айынан бастап, 2019 жылдың 12 ақпанына дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
2020 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды
Мемлекеттік наградалармен наградталған:
2-ші дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана» медалімен
"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін", "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері", "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтой медальдарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері»


-
1Халық вакцинаның жағымсыз әсерлері барын да, жоғын да білуі керек – дәрігер1922Елімізде өткен тәулікте 1397 адам вирус жұқтырған1343Аяқты шірітіп жіберетін ауруға шалдықты. Депутат Маминге мәселені төтесінен жеткізді954Енді ұрланған көлікті бір айда қайтарып алуға болады915Қызылордада алаяқ әйелдің әрекеттері әшкереленді.90
-
1Балабақшалар, мектептер мен колледждер аттестаттаудан өтетін болады – министр179802Мәжіліс депутаты шулы заңға қатысты түсінік берді68273Дәрігерлер ер адамның өмірін қысқартатын өнімді атады67944Үкімет қашан ауысатыны белгілі болды51375Сауалнама: Халық қай партияны таңдайтынын көрсетті.2843