Асылов Берік Ноғайұлы
10029
Қазіргі лауазымы: ҚР Бас Прокуроры
Туған жылы: 1964 жылы 28 ақпанда дүниеге келген.
Білімі: С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының тағылымдамашы қызметінен бастаған.
1992-2001 жылдары - Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Бас прокуратура жанындағы аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, тергеуші, Алматы әуе-көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Мемлекеттік тергеу комитеті мен ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау және Президенттің күзет қызметіндегі жедел-іздестірудің заңдылығын қадағалау бойынша бөлім бастығы болып жұмыс істеген.
2001-2006 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басшылық лауазымдарында - Шымкент қаласының прокуроры, облыс прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2006-2008 жылдары - Батыс өңірлік көлік прокуроры.
2008-2010 жылдары – Ақтөбе облысының прокуроры.
2010-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
2011-2017 жылдары - Алматы қаласының прокуроры.
2017-2019 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2019 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды.
3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бар (2011 жыл).
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2005), «Даңқ» орденінің толық кавалері (ІІ дәреже – 2011 ж., І дәреже – 2017 ж.). «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ТМД БПҮК 20 жыл», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі мен оның әйелі 17 жылға сотталды5472АҚШ Венесуэла жағалауында мұнай танкерін басып алды5233Нетаньяху Трамппен Иранға қайта соққы беру мүмкіндігін талқыламақ4744Президенттік сайлау қауіпсіздігі: Зеленский АҚШ-пен келіссөз жүргізуде4625TikTok АҚШ-тағы тыйымды болдырмау үшін келісім жасады354
-
12026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды642202Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді2953832026 жылы бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?2397042026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?180525Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды17138