Қазіргі лауазымы: Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары
-
Туған жылы: 1979 жылы туған.
-
Білімі: 2001 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдады.
1998 жылы «Агроцентр-Астана» ЖШС-да тексеруші ревизор болып бастады.
2002 жылы Астана қаласы әкімдігі аппаратының Сыртқы экономикалық байланыс комитетінде бас маман қызметін атқарды.
2003 жылғы мамыр - шілде аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпарат комитетінің бас маманы болды.
2003 жылғы шілдеден бастап - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешені құрылысы комитетінде бас маман, бөлім бастығы болды.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды.
2006-2007 жылдар аралығында Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы әкімдіктерінде әртүрлі қызметтер атқарды.
2007 жылы аппарат басшысы, 2009 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
2010 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды.
2011 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі болып қызмет атқарды.
2012 жылы ақпанынан бастап - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.
2014 жылы 25 маусымынан бастап Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

-
1Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері84322Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді74743Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды67174Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?56005БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4852