Анықтама

Хасенов Асхат Ғалымұлы

2077

Қызметі: ҚР Энергетика вице-министрі

Туған жылы: 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 

Білімі: Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының операторы болып бастады. 

2006-2010 жылдары - «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маманы, бас маманы, кен орындарын әзірлеу бөлімінің басшысы, департамент директорының орынбасары, техникалық реттеу департаментінің директоры, вице-президенті. 

2010-2011 жылдары - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Мемлекеттік бақылау мониторингі және талдау басқармасының бас сарапшысы, басшысы. 

2011-2014 жылдары - ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасының басшысы. 

2014-2019 жылдары - ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту және техникалық реттеу департаментінің директоры. 

2019 -2022 жылдары «Қазмұнайгаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді.

2022 жылғы 15 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асхат Ғалымұлы Хасенов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Бөлісу: