2012 жылы Инновациялық Еуразиялық университеттің магистратурасын экономист-менеджер, құқықтану бакалавры, экономика магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Павлодар облысы экономика департаментінің бас маманы лауазымынан бастады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы, басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарды. Әр жылдары Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі, экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі, премьер-министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі болды.