Арын Берік Сақбайұлы
10585
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі
Әлеуметтік желілерде расталған аккаунттары: https://www.facebook.com/berik.aryn
-
Туған жылы: 05.06.1969 жыл
-
Білімі: 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Филология» мамандығын,
-
2007 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Орта, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті лауазымынан бастады.
1994 – 1995 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Орта, Таяу Шығыс және Африка басқармасының атташесі лауазымын атқарды.
1996 – 2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы лауазымдарында жұмыс атқарды.
2001 - 2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы.
2002 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім бастығы.
2002 – 2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.
2006 – 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы.
2007 – 2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі.
2009 – 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппараты басшысының орынбасары. Осы қызметте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ұйымдастырушылық сұрақтарына жауапты болды.
2011 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі,
2012 жылғы ақпаннан Араб Мемлекеттері Лигасы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі,
2012 жылғы мамырдан Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі,
2015 жылғы сәуірден Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарады.
2016 – 2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі.
2015 жылғы маусым айында ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілген. Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 қазандағы №438 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
2019 жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне тағайындалды.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр3562Италияның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты3093Семейде 25 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталды2834Испания полициясы фермаларда құлдыққа түскен 300-ден астам шетелдікті босатты2785Eurovision – 2026: Израиль қатысатын болғандықтан, бірнеше ел байқауға бойкот жариялады232
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?999621 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді93853Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?7938415-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?63545Қазақстанда мерзімінен бұрын қалай зейнетке шығуға болады?5844