Аманшаев Ермек Әмірханұлы
7738
Қазіргі лауазымы: ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі
Туған жылы: 1963 жылы 12 наурызда
Туған жері: Маңғыстау облысында дүниеге келген.
Білімі: 1985 ж. Қазақ Мемлекеттік университетін бітірді; филолог, филология ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: «Әдеби бейне жасаудағы рухани және көркемдік қайнар көздері», 2005 ж.)
1979 жылы – Маңғыстау облысындағы Ералиев поселкісіндегі орта мектеп оқытушысы.
1985–86 жылдары – Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері;
1986–88 жылдары – Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы;
1988–91 жылдары – «Жалын» журналының жауапты хатшысы;
1991–95 жылдары – ҚазМУ аға оқытушысы;
1995–97 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының жауапты қызметкері;
1997–2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясы консультанты, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2000–2002 жылдары – Астана қаласындағы мәдениет департаменті бастығы;
2002–2003 жылдары – Мәдениет Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі;
2003–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі;
2004–2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен спорт вице-министрі;
2006 жылдын мамыр-қыркүйек айларында – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары;
2006–2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;
2008 жылдын сәуір-мамыр – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы аппаратының жетекшісі;
2008-2019 жылдары – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының президенті.
2019 жылдың шілде айынан бастап ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі
Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Театр қайраткерлері, Қазақстан Кинематографистер Одақтарының мүшесі.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.
10 астам ғылыми еңбек пен кітап авторы: «Албасты туралы аңыз», «Песнь мотылька», «Үзілген бесік жыры» (жас драматургтар халықаралық фестивалі лауреаты, Мәскеу, 1991 ж.), «Там за бугром, где рай земной», «Балкон», «Құбылыс» (Ф.Кафка), «Сұлтан болсам егерде» ( С. Ваннус), «Аладдин және сиқыршы».
Пьесалары М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында, М.Лермонтов атындағы академиялық Орыс драма театрында, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды.
-
1Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады211612Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді20354310 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін - Мэлс Елеусізов200374Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты140385Алматыдағы үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды12275