Аманшаев Ермек Әмірханұлы
10603
Қазіргі лауазымы: ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі
Туған жылы: 1963 жылы 12 наурызда
Туған жері: Маңғыстау облысында дүниеге келген.
Білімі: 1985 ж. Қазақ Мемлекеттік университетін бітірді; филолог, филология ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: «Әдеби бейне жасаудағы рухани және көркемдік қайнар көздері», 2005 ж.)
1979 жылы – Маңғыстау облысындағы Ералиев поселкісіндегі орта мектеп оқытушысы.
1985–86 жылдары – Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері;
1986–88 жылдары – Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы;
1988–91 жылдары – «Жалын» журналының жауапты хатшысы;
1991–95 жылдары – ҚазМУ аға оқытушысы;
1995–97 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының жауапты қызметкері;
1997–2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясы консультанты, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2000–2002 жылдары – Астана қаласындағы мәдениет департаменті бастығы;
2002–2003 жылдары – Мәдениет Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі;
2003–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі;
2004–2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен спорт вице-министрі;
2006 жылдын мамыр-қыркүйек айларында – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары;
2006–2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;
2008 жылдын сәуір-мамыр – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы аппаратының жетекшісі;
2008-2019 жылдары – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының президенті.
2019 жылдың шілде айынан бастап ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі
Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Театр қайраткерлері, Қазақстан Кинематографистер Одақтарының мүшесі.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.
10 астам ғылыми еңбек пен кітап авторы: «Албасты туралы аңыз», «Песнь мотылька», «Үзілген бесік жыры» (жас драматургтар халықаралық фестивалі лауреаты, Мәскеу, 1991 ж.), «Там за бугром, где рай земной», «Балкон», «Құбылыс» (Ф.Кафка), «Сұлтан болсам егерде» ( С. Ваннус), «Аладдин және сиқыршы».
Пьесалары М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында, М.Лермонтов атындағы академиялық Орыс драма театрында, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
-
12026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды646992Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді2976832026 жылы бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?2469642026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?182655Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды17417