Анықтама

Қамалиев Берік Сайлауұлы

1608

Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 1960 жылы

Туған жері: Қарағанды облысында дүниеге келген.

Білімі: Қарағанды политехникалық институтын, Қарағанды мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.


Түрлі жылдары ҚР Премьер-Министрі кеңесшісі, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі транспорттық инфрақұрылымды дамыту Комитетінің төрағасы болып қызмет етті.


2010 жылдың сәуірінен 2011 жылдың сәуірі аралығында - индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі. Одан соң көлік және коммуникациялар министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар Б. Қамалиев «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы болды.


2016 жылдың 29 сәуірінен бастап «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ инфрақұрылымдық жобалар және машинажасау жөніндегі вице-президенті болды.


2016 жылдың шілдесінен желтоқсаны аралығында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі.


2017 жылы DE MONTFORT UNIVERSITY Лондон университетінде тағылымдамадан өтті. 2018 жылдың қаңтарынан қазірге дейін «East Mar Kazakhstan» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын атқарды.


2019-2022 жж. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

Бөлісу: