Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы
4758
Қазіргі қызметі: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
Туған жылы: 1979 жылы
Туған жері: Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі: Қазақ мемлекеттік басқару академиясын
Тұран университетін
РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Мамандығы бойынша біліктілігі: бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2001 жылы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің салық инспекторының м. а. қызметінен бастаған.
2001-2009 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.
2009-2010 жылдары — Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасы заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы.
2010 жылы — Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасының жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығының бөлім басшысы.
2010-2014 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық департаментінде түрлі лауазымдарды атқарған.
2014-2015 жылдары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық қызметтер атқарған.
2015-2017 жылдары — Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2017-2019 жылдары — Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2019-2020 жылдары — ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
2020-2021 жылдары — ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы.
2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2021 жылдың 12 мамырынан – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
2022 жылдың 9 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
Жоғары пайыз бен нақты көлем: Экономикадағы басты айырмашылық
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер етпейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс» -
1Енді ақша жіберу үшін тек телефон нөмірі жеткілікті364682"40 жылда болмаған жағдай": Алтын мен күміс күрт құлдырады192203"Ұстап алып, бұрышқа қарай сүйреген": Шымкентте қыз балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталды187164Ақпан айында күн қандай болады? Синоптиктер ауа райы болжамын жаңартты136985Ақпанда жаңбыр жауды: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?12172