Ахметжанов Марат Мұратұлы
8234
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
- Туған жылы: 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.
- Білімі жоғары, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
- Отбасылық жағдайы: Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр
Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгерқызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.
1993-1996 жылдары–Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
1996-1997 жылдары – Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1997-1998 жылдары – Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1998-2001 жылдары–Тергеу департаменті директорының орынбасарыжәнеӘділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
2001 жылы–Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2003-2006 жылдары–Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жылдары–ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012 жылы–ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жылдары–Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы,Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016 жылдың 2 маусымынан бастап – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
2021 -2022 жж. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.
2022 жылдың 25 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
Сыныптық шені - 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі (2004 жыл).
«Құрмет» (2008) жәнеІІ дәрежелі«Даңқ» (2014) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ,Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен «Ресей флотына 300 жыл» естелік медалі және «Адмирал Кузнецов» медальдарымен марапатталған.





