Ахметжанов Марат Мұратұлы
9316
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
- Туған жылы: 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.
- Білімі жоғары, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
- Отбасылық жағдайы: Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр
Еңбек жолын 1991 жылы тағылымгерқызметінен бастап, кейін Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі болып қызмет атқарған.
1993-1996 жылдары–Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
1996-1997 жылдары – Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1997-1998 жылдары – Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1998-2001 жылдары–Тергеу департаменті директорының орынбасарыжәнеӘділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
2001 жылы–Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2003-2006 жылдары–Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жылдары–ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012 жылы–ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жылдары–Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы,Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016 жылдың 2 маусымынан бастап – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
2021 -2022 жж. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы.
2022 жылдың 25 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
Сыныптық шені - 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі (2004 жыл).
«Құрмет» (2008) жәнеІІ дәрежелі«Даңқ» (2014) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ,Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен «Ресей флотына 300 жыл» естелік медалі және «Адмирал Кузнецов» медальдарымен марапатталған.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
12026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды643282Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді2958532026 жылы бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?2421442026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?181105Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды17200