Анықтама

Ахметов Рүстем Нұрланұлы

3840


Қазіргі лауазымы: Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары


Туған жылы: 1978 жыл 22 ақпан

Туған жері: Теміртау қаласында туған.

Білімі: Қазақ мемлекеттік заң университетін аяқтаған (1999), заңгер.


Еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің кінә-талап қою жұмысы бөлімінің жетекші, бас маманы лауазымынан бастаған.


2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінде әртүрлі қызмет атқарған.


2007 жылғы қаңтар - қазан аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болған.


2007 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасы хатшылығының меңгерушісі, 2008 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқықтық бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды.


2011 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 

2014 жылдың тамызы – 2019 жылдың тамызы - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдың 22 тамызынан - Ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасы.


Ерен еңбегі үшін» медалімен (2009 г.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (2012 г. ) марапатталды.

Бөлісу: