Анықтама

Ахметов Азамат Қуатұлы

6761


Қазіргі лауазымы: ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі департаменті басшысының орынбасары


Туған жылы: 1974 жылы 13 қазан

Туған жері: Қарағанды облысының Жаңа-Арқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген.

Білімі: 1996 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруалық институты «Агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы экономика және басқару»

1999 жылы Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.


1996 жылдың мамыр айында Алматы қаласында «Перизат және өндірістік кәсіпорны» директоры қызметінен бастаған.


1997 жылдың сәуір айынан бастап Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік тергеу комитеті және Астана қаласында Ұлттық қаупсіздік комитеттерінде офицер ретінде әскери қызметін атқарған.


1999 жылдың қазанынан бастап Астана қаласы«Олжа ЛТД» ЖШС директоры.


2001 жылғы желтоқсаннан бастап Қарағанды қаласында«Ай Си ЭС» ЖШС аймақтық менеджері.


2006 жылдың қантарынан бастап Қарағанды қаласында Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Әуежай - Қарағанды» кеден бекетінің басшысы.


2007 жылдың қантарынан бастап Астана қаласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік бақылау комитетінің Көлік бақылау басқармасы басшысының орынбасары.


2007 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары.


2008 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.


2008 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының басшысы.


2014 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.


2017 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары.


2017 жылдың қарашасынан бастап 2018 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.


2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы.


2019 жылдан бастап ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы

2020 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі департаменті басшысының орынбасары


«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Бөлісу: