Анықтама

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы

6784


Қазіргі лауазымы: 


Әлеуметтік желілерде расталған аккаунттары: https://www.facebook.com/profile.php?id=100005127121752

Туған жылы: 1961 жылы

Туған жері: Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Жантеке селосында туған.

Білімі: Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген.

Отбасылық жағдайы: Үйленген, төрт баласы бар.


Еңбек жолын 1983 жылы Қорғалжын кеңшарында механик ретінде бастаған.


1983-1987 жылдар аралығында – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитеті Қорғалжын кеңшары космсомол комитетінің хатшысы.


1987-1990 жылдар аралығында – Қазақстан Компариясы Қорғалжын аудандық комитеті идеология бөлімінің нұсқаушысы.


1990-1992 жылдар аралығында – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитетінің бірінші хатшысы.


1992-1994 жылдар аралығында – Қарағанды облысы Теңіз аудандық әкімшілігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі.


1994-1997 жылдар аралығында – Қорғалжын аудандық әкімшілігі жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі.


1997-1998 жылдар аралығында – автомобилге жанар-жағар май құю стансасының механигі.


1998-2001 жылдар аралығында – Ақмола облыстық «Сұңқар» әскери-техникалық лицейының взвод командирі, директордың әскер-техникалық дайындық жөніндегі орынбасары.


2001-2002 жылдар аралығында – Дружба орта мектебі директорының әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары.


2002-2003 жылдар аралығында – аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және спорт жөніндегі әдіскері.


2003-2005 жылдар аралығында – Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы.


2005-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің аппарат басшысы, хатшысы.


2012 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, Қазақстан Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 

Бөлісу: