Бас жаңалықтар
Анықтама
Абжанов Сәкен Қайырұлы 1659


Қазіргі лауазымы: ҚР Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы

  • Туған жылы: 1973 жылы 24 қазан

  • Туған жері: Қарағанды қаласында дүниеге келген.

  • Блімі: 1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

  • 2011 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша аяқтаған.


Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында мүгедектер, ардагерлер мен аз қамтылғандар істері жөніндегі бөлімнің жетекші маманы болып бастаған.


2001 жылы – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Өңірлік, әлеуметтік саясат және бағдарламалар департаменті Өңірлік және әлеуметтік саясат басқармасының кедейлікпен күрес жөніндегі бөлімнің бас маманы.


2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті өмір сүру деңгейін талдау бөлімінің бас маманы, бастығы.  


2003-2005    жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала шығындарын жоспарлау департаменті денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары.


2005-2006    жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті талдау және методология басқармасының бастығы.  


2006 жылы (ақпан мен қараша аралығында) – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің бас сарапшысы.


2006-2012 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары.   


2012-2019 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы қаржы-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.


2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы болып тағайындалды.


«Құрмет» орденімен наградталған.


Загрузка...