Анықтама

Әбжанов Бауыржан Садықұлы

789

Қазіргі қызметі: Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары

Туған жылы: 1968 жылы 10 сәуірде Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысы, Еңбекшілдер ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген. 

Білімі: 1990 жылы КСРО ІІМ Новосібір жоғары әскери командалық училищесін бітірді. 1998 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны, ал 2013 жылы Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1988 жылдың маусымынан тамызына дейін, 1988 жылдың қарашасынан 1989 жылдың қаңтарына дейін және 1989 жылдың маусымы мен шілдесіне дейін Закавказье республикаларындағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысты.

1990 жылдан 2012 жылға дейін взвод командирінен ҚР ІІМ Ішкі әскерлер құрама командиріне дейін әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, инспекторлық-талдау басқармасының бастығы – Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Әскери кеңесінің хатшысы болды. 

2018 жылдан бері ҚР Ұлттық ұланы Академиясын басқарды.

2022 жылы 15 шілдеде Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

ҚР Президентінің 2011 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен оған «генерал-майор» әскери атағы берілді.

ІІМ еңбегі сіңген қызметкер, КСРО және Қазақстан Республикасының 27 медальдарымен марапатталған, PhD философия докторы, Қазақстан Әскери ғылымдар Академиясының профессоры.

Бөлісу: