Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі
Әлеуметтік желілерде:
-
Туған жылы: 1976 жылғы 25 мамырда
-
Туған жері: Алматы қаласы
Білімі: 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын экономист мамандығы бойынша үздік аяқтады (мамандануы – банк ісін ұйымдастыру).
Еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады.
1996 – 2003 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003 – 2007 жылдар аралығында осы Департаментті басқарды.
2007 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2014 жылғы тамыз – 2015 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, 2015 жылғы тамыз – 2015 жылғы қараша аралығында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарушы болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 109 Жарлығымен Д.Т. Ақышев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды.
2019 жылдың 25 ақпанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағалығынан босатылды


-
1Енді мұғалімдерді жұмысқа директорлар қабылдамайды89452Кибербуллинг. Кінәлілерді анықтау қарастырылмаған69003Қырғыз Президенті Тоқаевқа Жұбан Молдағалиевтің өлеңін оқып берді61634Енді шалғай ауылдарға жылжымалы дәріхана пункттері баратын болады54885Депутат заңды зерделемей, желіде даурықпа әңгіме тарататындар туралы айтты.5466