Анықтама

Құрманбаев Бақыт Жанұзақұлы

2775

(1970-2020)


Туған жылы: 1970 жылғы 21 қыркүйек

Туған жері: Өскемен қаласында туған.

Білімі: 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін,

2005 жылы Ресей Федерациясының Құрылық әскерлерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясын,

2008 жылы Ресей Федерациясының Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясы Жоғарғы академиялық курстарын тәмамдаған.

Отбасылық жағдайы: Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.


1987-1988 жылдары – ДЭУ-228 жұмысшысы.


1991-1993 жылдары – Алматы қаласы орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі.


1993-2003 жылдары – Ұшыру қондырғысы взводының командирі, зениттік зымыран батареясының командирі, зениттік зымыран полкі командирінің қару-жарақ бойынша орынбасары – техникалық бөлімнің бастығы.


2003-2005 жылдары – Әскери·академияның тыңдарманы.


2005-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар басшыларының комитеті Департаментінің аға офицері, бөлім бастығы, басқарма бастығы.


2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы.


2010-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Департамент бастығының орынбасары, бастығы.


2017 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі.


2019 жылдың сәуір айынан бастап Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды,

2020 жылы 14 шілдеде мезгілсіз қайтыс болды


Әскери атағы – генерал-майор. 2-дәрежелі «Айбын» орденімен (2007) және түрлі медальдармен марапатталған

Бөлісу: