Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Перизат Қайрат ісі: Қайырымдылық ақшасына Иван Дорнға гонорар төленген

Олжас АДАЙ
16 Шілде 2025, 18:52
2362
Бөлісу:
 insta:01pk
Фото: insta:01pk

Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның ісіне қатысты тағы бір дерек айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жиналған қаражаттың бір бөлігі Астанадағы гольф-клубтардың бірінде өтеді деп жоспарланған ірі фестивальды ұйымдастыруға жұмсалған. Алайда украиналық әнші Иван Дорн шақырылған бұл шара белгісіз себептермен өтпей қалған.

Соған қарамастан, арнайы шақырылған украиналық әнші Иван Дорнның гонорары толық төленген.

Фестиваль Астанадағы гольф-клубтардың бірінде өтуі тиіс еді. Алайда ол белгісіз себептермен өтпей қалды. Соған қарамастан, әншіге тиесілі гонорар төленген, — деді айыптау тарапының өкілдері сот залында.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, “Bizbirgemiz Qazaqstan 2030” қорының атына жазылған инвойс 9 мың еуро көлемінде гонорар төлеуді қарастырған. Бұл төлемге қатысты құжаттар – банкке жолданған хаттар, келісімшарт актілері және дайындықты растайтын өзге де материалдар іс томына тіркелген.

Еске салсақ, қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде екі адам, яғни Перизат Қайрат пен оның анасы танылып отыр. 2025 жылдың 4 сәуірінде  Перизат Қайраттың анасы Гайни Алашбаева үй қамаққа алынған болатын.

Тергеу барысында анықталғандай, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Перизат Қайрат түрлі қайырымдылық акциялары арқылы жалпы сомасы 3,5 миллиард теңге көлемінде қаражат жинап, оны өз пайдасына жаратқан. Мұндай қаражаттар негізінен балаларға, су тасқынынан зардап шеккендерге және Палестина халқына көмек көрсету үшін жиналған деп көрсетілген. 

Алайда, тергеу барысында бұл қаражаттардың көп бөлігі оның жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде сәнді киімдер, әшекейлер, көліктер мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалғаны анықталды

Сонымен қатар, ол осы қаражаттарды заңдастыру үшін жалған келісімшарттар жасап, жеке кәсіпкерлермен келісімдер жасаған.

Бұған дейін қайырымдылық қорының құрылтайшысы күдікке ілінгенін, Перизат Қайрат деген кім екені туралы, оның тағы бір заңсыз әрекеті анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Перизат Қайрат "фактілермен қорғанамын" деп өзіне тағылған айыптарды мойындамады. Перизат Қайрат миллиардтаған ақшаны қалай жұмсағаны да белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы