Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Періштесі қақты: Абай облысында бала 6 сағат бойы құдықта отырған

Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Абай облысы Чекоман ауылында құдыққа түсіп кеткен 8 жасар бала аман-есен табылды. Ол алты сағат бойы құдықтан шыға алмай отырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сағат 14:00 шамасында 8 жастағы Райан үйінен ойнауға шығып, туыстарына барған. Бірақ ол жақта ұзақ болмаған. Кейінірек бала далада қармен ойнап жүрген. Қолында шанасы болған. Бір сәтте ол күтпеген жерден төмен құлап, құдықтың ішіне түскен.

Ата-анасы баланы шамамен сағат 18:00-де іздей бастады. Олар тыныш ауылда баланың достарының немесе туыстарының үйінде болуы мүмкін деп болжаған. Сағат 20:00 шамасында баланың жоғалғаны туралы ақпарат полицияның учаскелік инспекторы Алмас Бейсенбековке түскен. Ол уақытқа дейін ауыл тұрғындары мен туыстары баланы өз беттерінше іздеп, ауыл көшелерін аралап жүрген, - дейді Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Хабар алған соң учаскелік инспектор жедел түрде бейнебақылау камералары орналасқан әкімдік ғимаратына барған. Жазбаларды қарап шығуға шамамен 10 минут кеткен. Сол арқылы баланың құдыққа құлап кеткені анықталған. Осыдан кейін полиция қызметкері дереу оқиға орнына барып, бірнеше минуттың ішінде баланы жер бетіне шығарып алған.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында жоғалған 8 жасар бала құдықтан табылғанын хабарладық.

Өзгелердің жаңалығы