Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер Қытайды коронавирус туралы ақпаратты жасырды деп айыптады, деп хабарлайды РИА Новости.
Бүгін біз олардың ақпаратты жасырғанын көріп отырмыз. Сондықтан, біз одан да көп нәрсені жасауымыз керек және оларға (ақпаратты) бөлісу үшін қысым жасауды жалғастыру керек деп ойлаймын, - деді Эспер.
Ол пандемиядан шығу үшін барлық елдердің ынтымақтастығы қажет екенін атап өтті.
Аурудың пайда болуы туралы сұраққа жауап берген Эспер "адамдардың көпшілігі бұл табиғи жолмен басталды деп санайды" және қытай зертханасында жасалынбағандығына сенеді дейді.
Өз кезегінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео КҚК Орталық Комитетінің Саяси Бюро мүшесі Ян Цзечимен сөйлескенде толық ашықтық пен COVID-19-бен күресу және болашақта вирустың өршіп кетуінің алдын алу үшін ақпарат беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Помпео коронавирус АҚШ-та көбірек таралған кезде Қытайдың медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудегі көмегін атап өтті.
Бұған дейін де АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон ДДСҰ-ны қаржыландыруды тоқтатып жатқанын айтқан. Оның айтуынша, коронавирус туралы ақпаратты уақытылы бермеген, сонымен қатар шындықты әлемдік қауымдастыққа жеткізбеген.
Трамп ұйымды Қытай билігінің дұрыс емес мәліметтеріне сеніп, індеттің басқа елдерге қаупін ескермеді деп айыптады. Бұл өз кезегінде әлемде COVID-19 ауруының "20 және одан да көп есе" өсуіне әкелді деп айтқан.