"Педофилдер картасы": есепте 25 адам тұр

21 Маусым 2024, 09:02
392
Бөлісу:
"Педофилдер картасы": есепте 25 адам тұр
Фото: Арман Мухатов - архив

Павлодар облысының тұрғындарына "Педофилдер картасы" онлайн режимде қолжетімді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Азаматтар балаларға қатысты қылмыс жасап, сотталғандардың орналасқан жері туралы ақпарат біле алады.

Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық филиалының бөлім бастығы Серік Ахметовтің айтуынша, өңір бойынша педофилия үшін сотталған 25 тұлға есепте тұр. Олардың 11-і – павлодарлықтар

Олар бұған дейін бас бостандығынан айырылып, жазаларын өтегендер. Қазіргі уақытта ел қатарлы өмір сүріп жатыр. Дегенмен педофилдер картасы бұрын сотты болғандар туралы ақпараттандыруға арналған. Кез келген адам істі болғандардың тұрғылықты мекенжайы туралы біле алады. Ақпарат ашық. Мақсатымыз – халықты ресми түрде ақпараттандыру. Заң бойынша олар жазаларын өтеген соң балаларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытумен айналысатын мекемелерде еңбек ету құқығынан айырылады, - дейді Серік Ахметов.

Мамандардың айтуынша білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің кадрлық қызметтері кез келген азаматты жұмысқа қабылдарда ақпаратты тиянақты растап алған жөн. Яғни бұрын істі болған адамдарды салада жұмыс істеуге жол бермеу керек.

Айта кетейік облыста отбасындағы зорлық-зомбылық деректерін алдын алу жұмыстары күшейтілді. Жыл басынан бері тұрмыстық салада жасалған қылмыстар саны 5,6%-ға азайды.  36 факт тіркелді. Отбасында жанжал шығаруға жақын тұратындарға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды. Мінез-құлқы бойынша 570 ерекше талап қойылды. Жайсыз отбасыларды анықтау шаралары басты назарда тұр. Профилактикалық жұмыс аясында мамандар 4,5 мың отбасыны аралап, балалардың тұрмыс жағдайын тексерген.

Өзгелердің жаңалығы