Педагогикалық қолдау орталықтарында 140 мыңнан астам оқу-жаттығу өткізілді

4 Мамыр 2024, 13:45
424
Бөлісу:
Педагогикалық қолдау орталықтарында 140 мыңнан астам оқу-жаттығу өткізілді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істей бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, бұл бастама Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Оқу жылының басынан бері 3,7 млн қазақстандық ата-ананы қатыстыра отырып, 40 мыңнан астам оқу-жатығу ұйымдастырылды.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы – оларды бала тәрбиесінде қолдауға және қолайлы білім беру ортасын құруға, позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды бастама. Ата-ана бала тәрбиесінде маңызды рөлге ие, оларға мектеп тарпынан қолдау бере отырып, балалардың дамуында ұзақ мерзімді жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады,– дейді «Өркен» БӘАҰҒПИ бірінші вице-президенті Елена Сакенова.

Сондай-ақ орталықтарда дәстүр мен құндылықтарды сақтауға негізделген «Даналық мектебі» клубы жұмыс істейді, бұл отбасы институтын нығайтуға, балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын жақсартуға, отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын тереңдетуге және кеңейтуге ықпал етеді. Орталықтарда ата-аналар балаларының сынып жетекшілерінен көмек пен кеңес сұрай алады, бұл білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және білім беру ұйымы мен отбасы арасында ынтымақтастық орнатады.

Өзгелердің жаңалығы