PDAC-2024 конференциясында Қазақстанның инновациялық әлеуеті көрсетілді

4 Наурыз 2024, 20:55
589
Бөлісу:
PDAC-2024 конференциясында Қазақстанның инновациялық әлеуеті көрсетілді
PHOTO
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан әлемдегі ең ірі PDAC-2024 конференциясында Ұлттық павильонды ресми түрде ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пайдалы қазбаларды барлау және игеру саласындағы жетекші халықаралық іс-шара болып табылатын PDAC конференциясы жыл сайын мыңдаған қатысушыларды, соның ішінде бүкіл әлемнен сарапшыларды, инвесторларды және тау-кен өндіруші компаниялардың өкілдерін тартады. 1932 жылдан бастап PDAC біліммен алмасу, инновацияларды ұсыну және саланың болашағын қалыптастыру үшін платформа ретінде қызмет етіп келеді.

PDAC-2024 конференциясында Қазақстанның инновациялық әлеуеті көрсетілді

Ашылу салтанаты барасында Қанат Шарлапаев Қазақстанның PDAC-2024 қатысуының стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Біздің PDAC-қа екінші жыл қатарынан қатысуымыз жаһандық геологиялық қауымдастыққа белсенді интеграцияға және отандық тау-кен өнеркәсібіне шетелдік инвестицияларды тартуға деген мызғымас адалдығымызды көрсетеді, - деді министр.

Салтанатты шарада PDAC-2024 бірінші вице-президенті Карен Риис пен канадалық сенатор Виктор Оу құттықтау сөз сөйледі.

PDAC-2024 конференциясында Қазақстанның инновациялық әлеуеті көрсетілді

Ашылу барысында лентаны Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев пен Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәулетбек Құсайынов қиды.

Қазақстанның Ұлттық павильоны "ERG", "Tau-Ken Samruk", "Kazakhmys", "GreyWolf" және "KazakhGeology" сияқты жетекші қазақстандық компаниялардың озық жетістіктері мен жобаларын ұсынады. Көрме Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі саласындағы инновациялық әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетіп, қазақстандық нарықтың халықаралық ынтымақтастық пен жаңа технологияларға ашықтығын атап көрсетеді.

PDAC-2024 конференциясында Қазақстанның инновациялық әлеуеті көрсетілді

Министр сондай-ақ Қазақстанның 2023-2027 жылдарға арналған геологиялық саланы дамыту тұжырымдамасын іске асыру контекстіндегі PDAC-2024-ке қатысуының маңыздылығына тоқталып, оның осы саладағы екіжақты және көпжақты әріптестікті кеңейтуге дайын екендігін растады.

PDAC-2024 көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильонының ашылуы - еліміздің пайдалы қазбаларды барлау мен өндірудің әлемдік нарығындағы негізгі мүшелерінің бірі ретінде танылуының және оның жаңа инновациялық жобалар мен халықаралық ынтымақтастыққа дайындығының айқын көрсеткіші.

Өзгелердің жаңалығы