Пайдалы әдетті қалай қалыптастыруға болады?

26 Қараша 2023, 12:10
821
Бөлісу:
Пайдалы әдетті қалай қалыптастыруға болады?
Фото: topdoc.me

«Жастар Рухы» Жастар қанаты әлеуметтік желіде «Менің пайдалы әдеттерім» марафонын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Марафон арқылы жастар қанатының белсенділері қоғамды оң өзгерістер жасауға шақырып жатыр.

Акцияға Қазақстанның барлық аймағының жастары жазба арқылы бір-біріне жолдап, өздерінің «пайдалы әдеттері» туралы жазбаларды белсенді жариялап жатыр.

Бұл онлайн-марафонды сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшылары да қолдауда. Марафонға самбошы, түйе палуаншы және қазақ күресінің күресшісі, ауыр салмақта халықаралық спорт шебері, қазақ күресінен Қазақстан чемпионы Айбек Нұғымаров та қосылды.

Ол өз жазбасында жастарды спортпен щұғылдануға шақырды.

Өмірде қандай да бір мақсатқа жету үшін әуелі ішкі энергия, бойыңда қуаттың болғаны қажет. Яғни үнемі қозғалыста өмір сүру маңызды. Спортшы ретінде қозғалысқа бейім менің ағзам да қозғалысты қажет етеді. Мысалы, таңда тұрып жаттығу жасап, аптасына үш рет спортзалға барып тұрамын. Кейде залға барудың өзі қиындық соғып жатады, сол сәтте жарты сағатыңды босқа өткізуге қимай, үй жағдайында жаттығу жасауды дағдыға айналдырдым. Сондай-ақ дұрыс тамақтану да, ұйықтап тынығу, сергектікті қалыпқа келтіру де күнделікті өмірде жақсы әдеттерімді қалыптастыруға негіз болды. Жақсы әдет қалыптастыру үшін үлкен нәрсе жасаудың қажеті жоқ. Тек аз да болса күнделікті қайталай берсең болғаны. Осы бағытты ұстанып, мен барша жастарымызды жақсы әдет қалыптастыруға шақырамын! - деп жазды ол.

Сондай-ақ марафон аясында белсенділер елорда тұрғындары арасында әлеуметтік эксперимент жүргізіп, оларға челлендж түріндегі 1 ай көлемінде орындау керек «пайдалы әдетті» таңдауды ұсынған болатын. Ал қала тұрғындары челлендж нәтижелерін әлеуметтік желілерде арнайы «әдеттер трекері» арқылы бөлісіп жатыр.

Атаулы марафон жастарды пайдалы, жақсы әдеттерді қалыптастыруға көмегін тигізеді дейді ұйымдастырушылар.

Өзгелердің жаңалығы