Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

28 Тамыз 2023, 18:45
964
Бөлісу:
Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Абай облысы әкімдігі

Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай ауданында 4326,5213 га жер телімі қайтарылды

Өңірде жер кадастрын ұйымдастыру және елді мекендердің шекарасын белгілеу жұмыстарын жетілдіру бағытында айтарлықтай жұмыстар жасалды. Атап айтқанда, жер кадастрының тиісті сызбасы мен жобасы әзірленді.

Осы мақсатта ауылдық округ әкімдері тарапынан ауыл тұрғындарының, шаруа қожалықтарының, қоғамдық бірлестіктердің, ардагерлер кеңесінің, депутаттардың, сондай-ақ ауылдық мекеме басшылары мен мамандарының қатысуымен тұрақты түрде кездесу өткізіліп тұрады.

Пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында да қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда 15 шаруа қожалығы мен 1 коммуналдық мемлекеттік мекемеге тиесілі 29 жер телімі ауданның арнайы жер қорына қайтарылды. Аумағы 4326,5213 га болатын бұл учаскелер бұрын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмаған.

Айта кетсек, Абай ауданының аумағы 2 млн 9 мың га. Оның ішінде 1 млн 173 мың жайылымдық жер.

Өзгелердің жаңалығы