Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
Баға барлық елде жаппай өсіп жатыр. Біз инфляцияны 8,4 пайыздан асырмай, ұстап қалдық. Бағаны өсірмеу үшін көп жағдайда нарыққа тән емес істер қолданылды. Осының барлығы шарасыздықтан жасалған қадамдар. Мұндай ұстаным күндердің-күнінде инфляцияның өсуіне әкеп соқтырады. Сондықтан реттеу шараларынан жүйелік шараларға көшкен абзал, - деді Тоқаев.
Президент атап өткендей, Үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Ол осы бойынша жұмысқа кірісті.
Дегенмен тағы бір түйіткілді мәселені атап өтейін. Сауда-саттықтағы тиімсіз делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Мысалы, 3 млн тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекен тұрғындары тұтынатын тауарлардың көбін «Алтын Орда» базарынан сатып алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне Үкіметкен бірлесіп, базарда тәртіп онатуды тапсырамын, - деді Мемлекет басшысы.
Ол атағандай, бұл жер пайдакүнемдер үшін майшелпекке айналған.
Бұл Алматыдағы «Қаңтар оқиғасы» кезінде анық көз жеткіздік. Бұл басқа өңірлерге де қатысты. Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары да атсалыссын. Екі ай уақыт беремін, - деді ол.