Павлодарда 300 орындық инфекциялық госпиталь ашылады

2 Қазан 2020, 14:10
1269
Бөлісу:
Павлодарда 300 орындық инфекциялық госпиталь ашылады
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде коронавирустық инфекцияның екінші толқынына даярлық аясында 300 орындық госпиталь жасақталады. Госпиталь бұрынғы облыстық онкологиялық диспансердің ғимаратында орналасады.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының хабарлауынша, ескі ғимараттың ішін жөндеуге 89 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта инфекциялық госпиталь қажетті медициналық құралдармен жабдықталады. 

Алдағы уақытта бес жасанды демалу аппараты, 70 концентратор орнатылады. Сонымен қатар 30 оттегі стансасы іске қосылады.  

Осы корпуста зертханалық диагностика және компьютерлік томография құралдары іске қосылады. Халық осы қызметтерді пайдалана алады. Бұл госпиталь коронавирустық инфекцияның екінші толқынына арналған жоспар аясында ашылады. Осы тектес триаж орталық «Баянтау» спорт сарайының жанында жұмыс істеді. Бірақ ғимарат медициналық ұйым үшін ыңғайсыз болды. Жалпы, облыста төрт мыңға жуық төсек-орын қоры әзірленген. Қажетінше бес мыңға жеткізуге мүмкіндік бар. Жекеменшік шипажайлар мен медициналық мекемелер жұмылдырылуы мүмкін, - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқаруды Айдар Сейітқазинов.   

Айта кетейік, қазан айының соңында жаңа модульді инфекциялық ауруханасының құрылысы аяқталады. Бүгінде жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. 

Ауыр індетпен күресу үшін 166 мобильді бригада жасақталған. Ал дәрі-дәрмекпен қамту шеңберінде 1,5 айлық қор бар. Қазіргі уақытта 1400 медицина маманы оқытылған.

Өзгелердің жаңалығы