Павлодарлықтарға жалған діни идеялардың таралмауы түсіндірілді

11 Қазан 2024, 14:38
2684
Бөлісу:
Павлодарлықтарға жалған діни идеялардың таралмауы түсіндірілді
Фото: Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 23-27 қыркүйеккүндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Павлодар облысы тұрғындарымен кездесті.

Аталған кездесулердің мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.

Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Раздыкова Гульназ Мақсутовна – Павлодар облысы, «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС басшысы, Канаев Даурен Шегениязович – Қарағанды облысы, «Нұрлы білім» ДДА жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚБ, Батырханов Асылхан Еруланұлы – Павлодар облысы, «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС инспекторы, Синяков Олег Витальевич – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» дінтанушы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері Павлодар облысы бойынша тұрғындардың әртүрлі санаттарымен кездесіп, «Әйелдер арасында рухани құндылықты түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл», «Жастар арасында рухани құндылықты түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Теріс діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі», «Рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау», «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдері, жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар және түзету мекемесінде жазасын өтеушілер және т.б. тұрғындар қамтылды.

Өзгелердің жаңалығы