Павлодарлықтар флюорографиядан тегін өте алады

15 Наурыз 2022, 18:13
1395
Бөлісу:
Павлодарлықтар флюорографиядан тегін өте алады
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде туберкулезге қарсы айлық шеңберінде бірқатар шаралар қолға алынды. Тұрғындар екі күн бойы флюорографиядан тегін өтіп, мамандардың кеңесін алу мүмкіндігіне ие болды.

Облыстың штаттан тыс бас фтизиаторы  Ризвангүл Смағұлованың айтуынша, шараларды өткізудегі мақсат – ауыр дертті алдын алу және халыққа ақпарат тарату.

Соңғы 10 жылда туберкулез ауруымен күрес бағытындағы емханалар мен диспансер мамандарының ортақ жұмысы жемісін берді. Осы уақыт аралығында ауру жұқтыру деңгейі екі есеге азайды. 2016 жылдан бері көрсеткіш жыл сайын 4%-ға азайып келеді. Ал дерттен келетін өлім-жітім деңгейі бес есеге төмендеді. Туберкулзебен күрес айлығы шеңберінде фитизопульманология орталығында екі күн қатарынан ашық есік күнін өткізіп жатырмыз. Яғни облыс тұрғындары тегін флюорографиялық тексеруден өте алады. Мамандардың тегін кеңесін алуға да болады. Ауру уақытында анықталса, одан арылуға болады, - дейді Ризвангүл Смағұлова.

Соңғы екі жылда 306 жаңа дерек тіркелген. Қазіргі уақытта амбулаториялық емдеуде 331 науқас бар. Дәрігерлер ауруды емдеудің заманауи әдіс-тәсілдерін қолданып келеді. Мәселен, молкулярлы-генетикалық зерттеу кеселді екі сағаттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді. 

Науқастарды емдеу тегін жүргізіледі. Қазіргі уақытта ауру жұқтырған азаматтардың жағдайын қадағалау заманауи технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Өңірде емдеу нәтижелері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сәйкес жүргізіледі.  Облыста туберкулезді емдеуде қолданылатын препараттардың қоры бар. 

Өзгелердің жаңалығы