Павлодарлық жастар «Қоқыссыз таза табиғат» акцииясына үн қосты

10 Қазан 2022, 14:18
1195
Бөлісу:
Павлодарлық жастар «Қоқыссыз таза табиғат» акцииясына үн қосты
Фото: автордан

Ертіс өңірінің жастары «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясына қолдау білдірді, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастаманы «Жасыл ел» студенттік құрылыс отрядтарының белсенділері алғашқылардың бірі болып қолдады. Жүздеген жас Усолка өзенінің бойына жиналып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартты.

Усолка өзенін жайдан жай таңдаған жоқпыз. Осы жерге қысы-жазы демалуға келетін адамдардың қарасы қалың. Өкініштісі, соңдарынан қоқыс тастап кетеді. Көбінесе шыны, пластик, түрлі полиэтилен заттары жатады. Тұрмыстық қалдықтар да жетерлік. «Жасылелдіктер» сенбілікке келуга қуана келісті. Бір күнде жүзден астам белсенді келді. Бізді қолдағандардың қатарында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері де болды, - дейді «Жасыл ел» студенттік жасақтар штабының командирі Русана Самекова.

Жастар жиналған қоқысты бірден сұрыптады. Шыны мен пластик заттары бөлек қаптарға салынып, қайта өңдеуге жеткізілді. 

Айта кетейік, «Жасыл ел» жасақтарының құрамындаға қалалар мен аудан жастары да өз ауылдарында тазалық акциясын өткізді. Бүгінде олардың саны екі мыңнан асады. Экологиялық отрядтардың құрамында жүзден астам студент бар. Олар жаз айларында халық арасында экологиялық ағарту және тазалық шараларын ұйымдастырады.

Өзгелердің жаңалығы