Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Мария Агапова жарақаттан кейін жаттығуға оралғаны туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Менің керемет құрбым маған серіктес болуға және күресуді үйренуге шешім қабылдады. Мен қыркүйек айының соңында шайқасқа дайындаламын. Жарақаттан кейінгі жаттығулар өте қиын. Қайтадан күресуді үйренемін. Бірақ мен бұл ойынға тәуелдімін. Сондықтан мүмкіндігінше тезірек ораламын», – деп жазды спортшы.
Мария Агапова жақында жекпе-жектің өтетін күнін және қарсыласы кім екенін жариялайтынын айтты. Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде павлодарлық спортшы Ким Джи Енмен кездесуі тиіс болатын. Бірақ жекпе-жек үзілді: Мария Агапова жарақат алып, ем қабылдауды бастаған еді.