Павлодарлық оқушылар еңбек жасақтарында жұмыс істейді

10 Маусым 2019, 12:17
1570
Бөлісу:
Павлодарлық оқушылар еңбек жасақтарында жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар төрт сағаттық жұмыс күні үшін екі аптада 10 мыңнан астам теңге алады, деп жазады Рavlodarnews.kz.

«Жаз мезгілінде жоғары сынып оқушыларын еңбекпен қамту ұйымдастырылады. 14 жастан асқан балалар түрлі еңбек жұмыспен қамтылған. Жоғары сынып оқушыларының еңбек отрядтары кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарында қосымша жұмыс істейді. Онда балалар көгалдандыру және аумақты абаттандырумен айналысады. Балалар 4 сағат бойы еңбек етіп, табыс таба алады. Балалар 15 күннің ішінде 4 сағаттық жұмыс күні үшін 11 мың теңге алады», - дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Роза Ақанова.

Облыстық білім беру басқармасының ақпаратына сәйкес, қалалар мен аудандардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі отрядтарда 18 мың жоғары сынып оқушысы қамтылады.

Жоғары сынып оқушыларының еңбек отрядтарын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен, қосымша уақытша жұмыс орындары кәсіпкерлер мен ШҚ басшыларының есебінен жүзеге асырылады.

Қала бойынша «Жаз - 2019» жазғы науқаны аясында 2500 оқушы (45%) еңбекпен қамтылады. Қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша отрядтарда 14-17 жас аралығындағы 607 оқушы қатысады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 10,940 млн теңге бөлінді. 4 сағаттық жұмыс күні 15 күн үшін жалақы 18000 теңгені құрайды. Сонымен қатар, мектеп еңбек отрядтарының қатысушылары мен «Жасыл ел» жауынгерлері үшін жолақысына 4,8 мың теңге көлемінде біржолғы өтемақы қарастырылған.

Павлодар, Кенжекөл, Ленин ауылдарын абаттандыруға және көгалдандыруға 148 жоғары сынып оқушысы қатысады. Еңбекақыға қаржы ауылдық округтердің бюджеттерінен салынды.

Өзгелердің жаңалығы