Павлодарлық оқушылар шырша отырғызуға грант ұтып алды

24 Маусым 2024, 19:14
234
Бөлісу:
Павлодарлық оқушылар шырша отырғызуға грант ұтып алды
Фото: Облыстық білім беру басқармасынан

Ертіс өңірінің оқушылары «Birgemiz: TazaÁlem» ұлттық жобасының жеңімпазы атанып, ақшалай грантқа ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Табиғат жанашырлары қатарында болған жеткіншектер шағын грант ұтып алу үшін қоршаған ортаны қорғау, өзендерді тазарту және ағаш отырғызу бойынша «Жасыл мектеп» тақырыбындағы жобасын ұсынды. Нәтижесінде жоба республика бойынша үздік атанды.

Мектебіміздің жас волонтёрлері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларға өз еріктерімен қатысады. Олардың әрқайсысы бұл игі істің маңызын түсінеді. Осылайша, мектеп қабырғасындағы экологиялық шаралар әлеуметтік сипатқа ие болып, жұртшылыққа үлгі ретінде паш етіледі, - дейді Павлодар қаласындағы №36 мектеп жетекшісі Рифкат Мұратов.

Байқау қорытындысы бойынша 26 оқушыдан құралған еріктілер тобы 300 000 теңгенің грантына ие болды. Бұл қаражатқа жеткіншектер мектеп аумағында ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Жоба үстіміздегі жылдың қараша айына дейін аяқталуы тиіс.

Байқау барысында оқушылар экологиялық бағыттағы шаралардан бөлек әлеуметтік қорғалмаған жандарға көмек көрсету, Отан тарихы мен оның тарихи құндылықтарын дәріптеу шеңберіндегі жобаларын таныстырды. Бүгінгі таңда ауқымды волонтёрлерлік жоба 1600-ден астам ата-ата мен оқушының басын қосып отыр.

Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министрлігі мұрындық болған гранттар байқауына 100-ден астам өтініш қабылданған.

Өзгелердің жаңалығы