Павлодарлық іздестіру отряды халықаралық экспедицияға аттанды

20 Маусым 2024, 14:44
323
Бөлісу:
Павлодарлық іздестіру отряды халықаралық экспедицияға аттанды
Фото: Александр Шитов

Ертіс өңірінің «Майдан жолы» іздестіру жасағы Беларусь еліне халықаралық экспедицияға аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Басты мақсат – соғыс жылдарында елден жырақ жерде қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің жатқан орнын тауып, құрмет көрсету.

Жасақ командирі Александр Шитовтың айтуынша, экспедиция «Майдан жолы» жасағының 15 жылдығы мен Кеңес Одағының батыры Михаил Катаевтың қайтыс болғанына 80 жыл толуына орайластырылған.

Биыл жасақ құрамымен Абай облысының мұғалімдері бірінші рет Беларусь еліне барады. Атап айтқанда, біз Бородулиха ауданындағы Новопокров орта мектебімен ынтымақтастық жөніндегі келісімге келдік. Алдағы уақытта соғыс жылдарында Отан қорғаған сарбаздарды іздеу, осы тақырыптағы зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргіземіз. Жас ұрпақты ата-баба рухында тәрбиелеу мен батырларымызды еске алуға бағытталған жұмыстар да атқарылады, - дейді Александр Шитов.

Экспедиция шеңберінде павлодарлық іздестушілер Гомель облысының Мозырь қаласында Ертіс өңірінің тумасы, Кеңес Одағының батыры Михаил Катаевтың қола мүсіні ашылады.

Қазақстандық жауынгерлер Беларусь елін жаудан босату ұрыстарынде ерлік көрсетті. Экспедиция орны жайдан жай таңдалған жоқ. Дәл осы жерде болған кескілескен шайқастарға Қазақ жерінде құрылған әскери құрылымдар қатысты. Атап айтқанда, Алматыда құрылған 39-атқыштар бригадасы болды. Ал 238-атқыштар двизиясының жауынгерлері Витебск облысының Оршан ауданын, ақтөбелік 101-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасы Сураж қаласына жаудан босату ұрыстарының бел ортасынан табылды.

Айта кетейік, «Майдан жолы» жасағы 15 жыл ішінде 300-ден астам қазақ солдатының жатқан жерін тауып, сүйегін көтерді.

Өзгелердің жаңалығы