Павлодарлық дәрігерлер бір жасар баланы өлім аузынан сақтап қалды

3 Шілде 2024, 19:00
461
Бөлісу:
Павлодарлық дәрігерлер бір жасар баланы өлім аузынан сақтап қалды
Фото: BAQ.KZ - архив

Павлодарлық дәрігерлер ішек инфекциясынан кейін қос бүйрегі істемей қалған баланың өміріне араша болды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Облыстық балалар ауруханасы өкілдерінің хабарлауынша, бір жасар сәби бүйрек жетіспеушілігімен жансақтау бөліміне түскен.

Жансақтау бөлімінің меңгерушісі Қуат Арғыновтың айтуынша, кішкентай науқастың жағдайы аса ауыр болған.

Жағдайы ауыр болғандықтан, тасымалдауға мүмкін болмады. Әр минут санаулы еді. Себебі, соңы қайғылы жағдайға апарар еді. Сондықтан, консилиуммен аурухана базасында сәбиге гемодиафильтрация емшарасын жасау туралы шешім қабылдадық. Ең бастысы, ем-дом шаралары дер кезінде қолға алынды. Гемодиализ аппаратының көмегімен 18 сағаттан кейін баланың жағдайы қалыпқа келіп, сараптамалары жақсара бастады. Бүйрек ұызметі толық қалпына келді. Үшінші күні сәби есін жиып, анасымен қауышты. Осы сәтті көргеніміз дәрігерлер үшін бақыттың өзі. Алдағы бірнеше күні кішкентай науқас үйіне оралады, - дейді Қуат Арғынов.

Айта кетейік, бұл Ертіс өңірінде балаға жасалған алғашқы емшара болды. Гемодиафильтрация емшарасын жасауға арналған Prismafex аппараты өткен жылы сатып алынған. 

Мамандардың айтуынша, әдетте бабалар арасында гемодиафильтрация сеанстарын өткізу Астана және Алматы қалаларындағы төртінші деңгейдегі клиникаларда жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта баланың денсаулық жағдайы тұрақты. Пациент оң динамикамен кардионефрология бөлімшесіне ауыстырылды.

Өзгелердің жаңалығы