Павлодарлық дәрігерлер аз инвазивті операциялар санын көбейтеді

17 Ақпан 2023, 11:10
904
Бөлісу:
Павлодарлық дәрігерлер аз инвазивті операциялар санын көбейтеді
Фото: автордан

Ертіс өңіріндегі кардиологиялық орталық мамандары 56 жастағы азаматтың жүрегіне жоғары технологиялы операция жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.                             

Павлодар тұрғынына медициналық тексерістен соң «туа біткен емес жүрек ақауы» диагнозы қойылды. Сонымен қатар, «митралды қалпақшаның жетіспеушілігі» анықталды. Кардиохирургтің кеңесінен соң қалпақшаны қалпына келтіру бойынша ота жасауға шешім қабылданды.

Кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Мұрат Райхановтың айтуынша, науқас үшы ай бойы дәрігерлердің бақылауында болды. Осы уақыт аралығында консервативті ем қабылдады.

Біздің басты мақсатымыз – қалпақшаның жұмысын қалпына келтіру. Ота «митральді қалпақшаны пластикалық қалпына келтіру» деп аталады. Операйия аз инвазивті тәсіл арқылы жасалды. Біздің орталықта осындай операциялар аз жасалады. Небары 10  рет жасадық. Бұл ота бейнеассистенттің көмегімен жасалды. Құрылғының көмегімен пациенттің кеуде тұсында жасанды сынық немесе тілік жасаған жоқпыз. Яғни, стандартты тілік болмады. Хирург үшін бұл техникалық жағынан қиын операция, бірақ, оның арқасында науқас аз уақыт ішінде оңалып кетеді, - дейді Мұрат Райханов.

Операция сәтті аяқталды. Науқас өздігінен жүріп жүр. Алдағы уақытта аурухунадан шығарылып, 3-4 аптадан кейін жұмысына орала алады.

Кардиологиялық орталықта өткен жылы 650-ден астам операция өткен. Аз инвазивті операциялар саны 50-ге жетеді деп күтілуде. Аз инвазивті отаны талап ететін диагнозбен бір жылда 50-ге жуық пациент түседі.

Айта кетейік, күрделі хирургиялық шара медициналық-әлеуметтік сақтандыру шеңберінде жасалды. Нарықтағы бағасы 2,5 млн. теңгеден асады. 

Өзгелердің жаңалығы