Павлодарлық дәрігерлер әткеншектен ауыр жарақат алған сәби өмірі үшін күресті

15 Тамыз 2024, 16:13
578
Бөлісу:
Павлодарлық дәрігерлер әткеншектен ауыр жарақат алған сәби өмірі үшін күресті
Фото: Артём Чурсинов -архив

Ертіс өңірінде үш жарым жасар сәби ойын алаңында ойнап жүріп, әткеншектен соққы алған. Оқыс оқиға салдарынан баланың құрсақ бөлігі ауырып, ауруханадан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

 

Оқиға Ақсу қаласында болды. Облыстық балалар ауруханасының өкілі Камила Даированың айтуынша, бастыпқыда сәбидің денсаулығында ешқандай өзгерістер болмаған. Араға бір апта өткен соң баланың іші ауырып, жағдайы нашардай бастапты. Сол сәтте ата-анасы дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Дәрігерлер баланың құрсақ қуысы органдарының ультрадыбыстық диагностикасын жүргізді. Нәтижесінде баланың ішіне үлкен көдемде қан жиналғаны анықталды. Әткеншектың соққысы салдарынан бауырының оң жақ бөлігі жарылып, қатты қан кеткен. Сонымен қатар, сәби екінші деңгейлі геморрагиялық шок алған. Бұдан кейін дәрігерлер бригадасы зардап шеккен балаға дереу жетіп, операция жасады. Кейін кішкентай науқас санитарлық авиация арқылы облыстық аурухананың жансақсау бөліміне жеткізілді, - дейді Камила Даирова.

Дәрігерлердің айтуынша, ауыр жарақат пен қан кетуі салдарынан баланың бас миының ісігі пайда болған. Хирургтер баланың бауыр жеткіліксіздігімен ғана емес, ми ісігімен қатар күресті.

Мамандар балалар кез келген жарақат алса, дереу дәрігердің қарауына келу керектігін ескертеді. Себебі, жарақаттың соңы ауыр зардаптарға душар етуі мүмкін.

Абырой болғанда, қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақталды. Алдағы күндері жақындарының ортасына оралады. Сәби облыстық ауруханада бас-аяғы 37 тәуліктен астам бойы ем қабылдап, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Осы мерзімнің жеті күнін жансақтау бөлімінде өткізді.

Өзгелердің жаңалығы