Павлодарлық балалар педагог-полицейге тікелей хабарласа алады. Өңірлік уәкілге WhatsApp арқылы хабарласуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл Сәуле Шәкенева Instagram парақшасында өңір тұрғындарына үндеу тастады.
Қазақстан Республикасында балалардың құқықтары тиісті заңмен қорғалған. Кез келген бала өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін маған, сондай-ақ аймақтардағы әріптестеріме жасырын түрде жүгіне алады. Менің WhatsApp нөмірім – 87074985183, – деп жазды Сәуле Шәкенева.
Айта кетейік, шілде айының басында министрліктің балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл арасында жасалған меморандумның аяқталуына байланысты Наталья Покидова өз қызметінен кетті. Бұл қызметке Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың өкімімен Сауле Шәкенева тағайындалды.
Ол 1970 жылы туған. 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын сол жылы Павлодар №26 ЖОББМ мұғалімі болып бастаған. 1994 жылдан 2012 жылға дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеді. Полиция подполковнигі атағы бар.
2022 жылдан бастап «Отбасы және балалар. Павлодар» облыстық қоғамдық бірлестіктің құрылтайшысы болған. Екі баланың анасы.