Павлодарлық әскерилер ​ Президенттік көпсайыстан чемпион атанды

21 Сәуір 2023, 20:48
992
Бөлісу:
Павлодарлық әскерилер ​ Президенттік көпсайыстан чемпион атанды
Фото: ​ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ​ баспасөз қызметі

Өскеменде Ұлттық ұланның «Шығыс»​ өңірлік қолбасшылығы әскерилері арасында Президенттік ​ көпсайыстан​ жарыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спартакиадаға​ ШҚО, Абай облысы және Павлодар облыстарынан келген 7 бірдей команда, 40-қа жуық спортшы азара бақ сынасты.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі​ 3477 әскери бөлімі базасында ​ әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтті.

Павлодарлық әскерилер ​ Президенттік көпсайыстан чемпион атанды

Спартакиаданың спорттық​ бағдарламасы​ өтеу ауқымды әрі түрлі сайыстарға толы болды.Жалпы, Президенттік көпсайыс қымзеттік қолданыстағы өте күрделі спорт түрі екенін атап өту керек.Сайыс барысында қатысушылар өзара 4 жас топтарына бөлінді.

Бұл жолы Президенттік көпсайыс спартакиадасы​ жас топтарына сай ​ бізде алғаш рет өткізілді.​ Спортшы-жауынгерлер​ ұрыстық қарудан мергендіктерін сынап, еркін жүзуден және жақын әрі қашықтыққа жүгіруден өзара ​ ​ жүйріктерді анықтап, алыс қашықтыққа ​ гараната лақтырудан мықтылар сарапқа салынды.​ Барлық қатысушылар​ өздерінің дене дайындықтары арқылы нағыз күрескерлік рухтарын көрсете білді, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының дене дайындығы және спорт бастығы подполковник Бауыржан Дарыбаев.

Павлодарлық әскерилер ​ Президенттік көпсайыстан чемпион атанды

Чемпионат жеке біріншілігінде​ ​ 30 жасқа дейінгі спортшылар арасында бас жүлдені​ Өскемен қаласындағы ​ 6699 әскери бөлімінің спортшысы кіші ​ сержант Ербол Сембай қанжығасына байласа, ​ 35 жасқа дейінгі спортшылар арасында ​ ​ Курчатов қаласындағы​ 3514 әскери бөлімінің​ капитаны Абылайхан Сағынтаев​ чемпионға лайық деп танылды.

Павлодарлық әскерилер ​ Президенттік көпсайыстан чемпион атанды

Ал 40 жасқа дейінгі жауынгер-спортшылар арасында​ Павлодардағы 5512 әскери бөлімінің 3 сынып сержанты ​ Таймас Асанбаев чемпион атанып, 40 жастан жоғары спортшылар арасында бақ сынасқан​ Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің 3 сынып сержанты ​ Аман Бекмуханов кіл мықтылар арасынан чемпион деген атқа лайық деп танылды.

​Командалық есепте​ Павлодарлық 5512 әскери бөлімінің құрама командасы 1-ші орынды жеңіп алса, Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің​ құрама командасы жүлделі 2-ші орынды иеленіп, Өскемендегі 6699 әскери бөлімінің құрама командасы 3-ші орынды иеленді.Жеңімпаздарға арнайы кубоктартар табысталып, грамоталармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы