Өскеменде Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерилері арасында Президенттік көпсайыстан жарыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спартакиадаға ШҚО, Абай облысы және Павлодар облыстарынан келген 7 бірдей команда, 40-қа жуық спортшы азара бақ сынасты.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 3477 әскери бөлімі базасында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтті.
Спартакиаданың спорттық бағдарламасы өтеу ауқымды әрі түрлі сайыстарға толы болды.Жалпы, Президенттік көпсайыс қымзеттік қолданыстағы өте күрделі спорт түрі екенін атап өту керек.Сайыс барысында қатысушылар өзара 4 жас топтарына бөлінді.
Бұл жолы Президенттік көпсайыс спартакиадасы жас топтарына сай бізде алғаш рет өткізілді. Спортшы-жауынгерлер ұрыстық қарудан мергендіктерін сынап, еркін жүзуден және жақын әрі қашықтыққа жүгіруден өзара жүйріктерді анықтап, алыс қашықтыққа гараната лақтырудан мықтылар сарапқа салынды. Барлық қатысушылар өздерінің дене дайындықтары арқылы нағыз күрескерлік рухтарын көрсете білді, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының дене дайындығы және спорт бастығы подполковник Бауыржан Дарыбаев.
Чемпионат жеке біріншілігінде 30 жасқа дейінгі спортшылар арасында бас жүлдені Өскемен қаласындағы 6699 әскери бөлімінің спортшысы кіші сержант Ербол Сембай қанжығасына байласа, 35 жасқа дейінгі спортшылар арасында Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің капитаны Абылайхан Сағынтаев чемпионға лайық деп танылды.
Ал 40 жасқа дейінгі жауынгер-спортшылар арасында Павлодардағы 5512 әскери бөлімінің 3 сынып сержанты Таймас Асанбаев чемпион атанып, 40 жастан жоғары спортшылар арасында бақ сынасқан Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің 3 сынып сержанты Аман Бекмуханов кіл мықтылар арасынан чемпион деген атқа лайық деп танылды.
Командалық есепте Павлодарлық 5512 әскери бөлімінің құрама командасы 1-ші орынды жеңіп алса, Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің құрама командасы жүлделі 2-ші орынды иеленіп, Өскемендегі 6699 әскери бөлімінің құрама командасы 3-ші орынды иеленді.Жеңімпаздарға арнайы кубоктартар табысталып, грамоталармен марапатталды.